Жаңалықтар

Астана мен Алматыда және он қалада ауа ластанады

istockphoto.com

Бүгін 12 қалада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

«2024 жылғы 2 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.