Жаңалықтар

Ақтөбе облысында алты көлікті тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті

Фото: t.me/qr_tjm

Зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 6 жеңіл автокөлікті тиеген автовоз өртеніп, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, Қобда ауданында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолда 6 жеңіл автокөлік тиелген автовоз өртенді.

«Автовоздың мотор бөлігінен басталып, тиелген автомобильдерге көшкен өрт толығымен жойылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 3 жеңіл автокөлікке өрт тимеді», - делінген хабарламада.

Өртті өздігінен сөндіру әрекеті кезінде 1996 жылы туған автокөлік жүргізушісі және 1994 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын күйік шалып, олар ТЖ күшімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды.