Қоғам

Қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингті жаңартты

сурет ашық дереккөзден алынды

Шахматшылар жасөспірімдер арасында үздік жиырмалыққа кірді.

Шахматтан Қазақстан құрамасының мүшелері жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингінің топ-20-лығында бірден бес орынды иеленді, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) әлемнің үздік шахматшыларының рейтингін жаңартты. Жасөспірімдер арасында үздік жиырмалыққа Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Лия Құрманғалиева енген.

Алғашқы жиырмалыққа Үндістанның төрт өкілі мен екі қытайлық шахматшы ілікті. Одан бөлек ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында әлемдік рейтингіде 16-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Әмина Қайырбекова қорғады.