Алматы облысында итті көлікке байлап, сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан жантүршігерлік фактісі анықталды, деп хабарлады Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Талғар ауданы ПБ қызметкерлері 38 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. «Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша күдікті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», - деп жазды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов.