Жаңалықтар

Өрт сөндірушілер өрттен 6 баланы құтқарды

видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінде тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.

Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан.

ТЖД күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен 10 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды.

Өрт 6 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!