Спортшыларымыз Батумиде үстел теннисінен 9 жүлдеге ие болды
Батумиде (Грузия) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өз мәресіне жетті.
Оған Әзербайжан, Англия, Армения, Беларусь, Грузия, Израиль, Қазақстан, Литва, АҚШ, Түркия, Украина, Өзбекстан секілді елдерден келген спортшылар қатысты.
Турнирдің соңғы күнінде қазақстандық теннисшілер қоржынға тоғыз медаль салды.
19 жастағы қыздар арасында:
1-орын Сарвиноз Миркадирова
2-орын Жанерке Кошкумбаева
19 жастағы ерлер арасында:
3-орын Арнур Оралханов
15 жастағы қыздар арасында:
2-орын Мария Лукьянова
3-орын Ноила Ханиязова
11 жастағы қыздар арасында:
1-орын Жания Бекмухамбетова
3-орын Назерке Болатбек
11 жастағы ұлдар арасында:
1-орын Абай Жумагул
3-орын Олег Яковлев