Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев қызын перзентханадан шығарып алды (ВИДЕО)

скриншот

Бұл туралы өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев мәлім етті.

«Музарт» тобының мүшесі, әнші Мейрамбек Бесбаев әйелі Мархабат Беспаева мен қызын перзентханадан шығарып алды.

Бұл туралы өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев мәлім етті.

«Қызымыздың бауы берік болсын! Балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын!», - деді әнші.

Әншінің оқырманы да қуанышқа ортақтасып, өздерінің игі тілектерін жазып жатыр.