Жаңалықтар

Павлодар облысында мүмкіндігі шектеулі жігіт жоғалып кетті

istockphoto.com

Vita еріктілерінің мәліметінше, Оның сөйлеу және есту қабілеті бұзылған.

Василий Кульчевский 29 қыркүйекте Мичурин ауылында жоғалып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Vita еріктілерінің мәліметінше, ол жуырда ғана ауыстырылған арнайы мекемеде тұрады. Бірақ бұған дейін де бірнеше рет қашып кеткен.

– Василий бағдарынан жаңылған әрі сенгіш. Кез келген жерде Мичурин, Черноярка ауылдарында, Павлодарда болуы мүмкін. Бәлкім, онымен бірге автобуста келген шығарсыздар. Жасы – 18-де. Мүмкіндігі шектеулі, сөйлеу және есту қабілеті бұзылған, – дейді еріктілер. 

Іздеушілер ұйымында Василий Кульчевскийді көрген адамдар болса, келесі нөмірлер бойынша дереу хабарлауды сұрайды: 7 (747) 615 55 63 (Катерина),  +7 (777) 334 82 01 (Светлана) немесе 102.