«6 адам болды»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мұрасы бөліске түскенін айтты
Оның айтуынша, жолдасының мүлкі 4 ұлы, бір қызы және заңды әйелі ретінде өзіне ортақ бөлінген.
Оның айтуынша, жолдасының мүлкі 4 ұлы, бір қызы және заңды әйелі ретінде ортақ бөлінген.
«Бірінші отбасынан 2 ұлы бар. Алдысы 40 жасқа келген. Ал екінші отбасынан бір қызы бар. Жасы 25-ке келіп қалды. Одан кейін менің 18 және 16 жастағы екі ұлым бар. Балалары әкелерінің тірі кезінде жақсы араласты.
Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша 6 ай көлемінде күтуіміз керек болды. Яғни басқа балалары бар ма, бар болса, олар дәлелдеуі керек деген сияқты тұстары бар. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес мұрагер: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі, яғни мен.
Бұл жерде «Екі үлкен ұлы еншісінен бас тартып, 2 кішкентай бауырына берді ме?» деген сұрақ туындайды. Олар берген жоқ, бергісі де келмеді. Мен себебін түсінемін. Себебі олар қалыптасқан тұлға, олар да Қайрекеңнің балалары. Қайрекеңнің артында дүние мүлік қалған жоқ. Қалғаны тек бірге алынған мүлік. Біз отбасы болып, заңды некеде тұрған кезде алынған дүниенің барлығы балалардың барлығына теңдей бөлінеді.
Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ.», – деді ол.