Жаңалықтар

Елімізде бір тәулікте 8 үй өртенді

ТЖМ

Өрт сөндірушілер Алматы қаласы мен Атырау, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында 8 өртті сөндірді.

ШҚО-да термиялық күйіктермен 1962, 1986 жылы туған екі адам ауруханаға жатқызылып, өрттен бір газ баллоны шығарылды.

ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!