Жаңалықтар

Щучинск қаласының облыстық оңалту орталығынан өрт шықты

Науқастар эвакуацияланды.

Құтқарушылар Щучинск қаласының облыстық оңалту орталығында өрт кезінде 27 науқасты баспалдақ маршымен эвакуациялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өрт үш қабатты ғимараттың 2 қабатындағы қызмет көрсету палатасында болған. Плафонның қысқа тұйықталуы кейіннен 1 шаршы метр алаңда жиһаз жануына әкелді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.