Қоғам

«Сәби сүйіңіз»: Айгүл Иманбаева оқырмандарына жаңалығын жеткізді

видеодан алынған скрин

Ол құрсағын тексерткен видеосын жариялады.

Танымал актриса Айгүл Иманбаева Стамбулда емханаға қаралып жүргенін оқырмандарымен бөлісті, деп жазды turkystan.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

«Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет»,- деген әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойып.

Әншінің көрермендері оның сәбилі болуына тілекші болып, ақ ниетпен тілегін жаудырған.

«Айгүл ханым, келесі жылы осы уақытта шілдехана, бесік той болсын», «құтты болсын», «аман- есен қолыңызға алыңыз», «бөпелі болыңыз», «екіқабат екен деп ойлар қалдым, солай болғай», деп жазып жатыр көпшілік.

«Мен қазір Ыстамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up», - деп жазды әнші.