Жаңалықтар

Өскеменде сирек кездесетін тасбақаларды сатпақ болғандар ұсталды

Сатушылардың тасбақаларды ұстауға, сатуға рұқсат қағазы болмаған.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері дүкенде тексеру жүргізіп, ортаазиялық  үш тасбақаны тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ортаазиялық тасбақа Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізіміне енгізілген. Жойылып бара жатқан бауырымен жорғалаушы ретінде қорғауға алынған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Полиция жануарлар әлемін қорғау саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды экологияны қорғауға шақырады.