Шымкентте пара алған ректор екі айға қамалды
Ақпаратты Шымкент сотының баспасөз қызметі растады.
Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры екі айға қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция берді. Яғни 2024 жылдың 18 қыркүйегінен 18 қарашасына дейін. Кепіл мөлшері айқындалмаған. Тағы екі күдіктіге осындай шара қолданылған.
Бұған дейін ақпарат құралдарында күдіктілердің бірі ЖШС директоры екені айтылған болатын. Оған пара бермек болды деген айып тағылып отыр.
«Қаулы заңды күшіне енді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін қалған мәлімет жарияланбайды», - деп хабарлады Шымкент сотының баспасөз қызметі.