Жаңалықтар

Теміртау тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соққан

istockphoto.com

Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Теміртауда егде жастағы тұрғынға өз пәтерінде шабуыл жасалды.

Анықталғандай, жәбірленуші 39 жастағы қаскүнемді үйіне өзі кіргізген. Ол күдіктінің анасымен таныс болған. Күдікті үйге сылтауратып кіріп, әйелге дене жарақатын салып, зергерлік бұйымдар мен ұялы телефонды ұрлап, қашып кеткен.

Зардап шегуші медициналық мекемеге көмек сұрап, жүгінген. Аталған фактіге қатысты ақпарат полицияға берілді. Нәтижесінде, күдікті ұсталды.

"Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның қылмысқа қатысы барын растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.