Жаңалықтар

Доллар бағамы өсіп жатыр

istockphoto.com

Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы 479,23 теңге.

Қазақстанның қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың теңгеге шаққандағы орташа бағамы 481,19 теңгені құрады. Яғни 1,69 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктері бір долларды 481,07 теңгеден сатып, 479,44 теңгеге сатып алып жатыр.

Ал Астананың ақша айырбастау пунктері бір долларды 482,05 теңгеден сатып, 478,03 теңгеге сатып алып жатыр.