Жаңалықтар

Алматы облысында оқушы қыз өз-өзіне қол салды

istockphoto.com

Оқиға 23 қыркүйек күні Өтеген батыр ауылында болған.

Әлеуметтік желіде 15 жастағы оқушының суицид жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz

Бұл факті бойынша Талғар ауданының полициясы қылмыстық іс қозғаған.

«Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде», - деді Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.