Ақмола облысында тұрғындардың шөбі өртенді

30 қыркүйек, 2024 / Админ
ТЖМ
Өрт екі ауданда болған.

Бүгін Бурабай ауданының Жаңажол ауылының маңында 4 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Целиноград ауданының Оразақ ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 2,5 тонна шөп орамы өртенді.

Құтқарушылар екі өртті де сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Тэгтер:

Ақмола облысы өрт