Референдум өтетін күні Астанада жолақы тегін болады

30 қыркүйек, 2024 / Інжу Әлихан
АЙҚЫН-ЛИТЕР
Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді.

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.

Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Тэгтер:

Астана Қоғамдық көлік референдум