Жаңалықтар

Қазақстанда балық консервілерін шығаратын зауыт салынбақ

istockphoto.com

Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды.

Инвестор ретінде таиландтық Sea Value Plc компаниясы жобаны 2025 жылы Алматы облысында іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәліметтерге сенсек, шикізатты Қазақстан мен Ресейдің балық шаруашылықтары жеткізеді. Өндірістің қуаты күніне 3-5 тонна балық өнімін құрайды. Дайын өнім Таиландқа және басқа елдерге экспортталады. Келешекте компания Қазақстан аумағында өндірілетін өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Соның ішінде үй жануарларына арналған азық, тауық протеині, тауықтан және балықтан жасалған мұздатылған жартылай фабрикаттар, фисташкалы және бадам сүті және тағы басқалары бар.

Сондай-ақ компания қазақстандық дистрибьютормен серіктестікте Алматы облысында аймақтық логистикалық хаб құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Хаб ЕАЭО және Орталық Азия нарықтарына өнімдерді импорттау, сақтау және таратуға арналған.

Бұл кәсіпорын Таиландтағы консервіленген тунец өндіретін екінші ірі өндіруші болып табылады және өз өнімін әлемнің 150 еліне экспорттайды.