Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

gov.kz

Бұл қызметті енді Дәурен Қосанов атқарады.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz

Қысқаша ғұмырбаяны:

1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын,  Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Үшарал жауынгерлік полкінде еңбек жолын бастап, Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясының командирі, Қарағанды авиабазасы штабының бастығы; Шымкент авиабазасының командирі, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры қызметтерін атқарған.

«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.