18 жастағы қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің чемпионы атанды

29 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
ҚТФ
Бұған дейін спортшы турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын да жеңді

18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда отандасымыз ұлыбританиялық Элис Гилианды 6:1, 5:7, 6:1 есебімен жеңді.

Бұған дейін спортшы турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын да жеңді.

Тэгтер:

Турнир теннис Испания