Жаһан

Мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады

istockphoto.com

Мектеп директорлары қауымдастығы бұл заңды қолдаған

Италияда мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады.

Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл төлейді.

Жыл басынан бері мектеп мұғалімдеріне қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көтерілгендіктен, мектеп директорлары қауымдастығы бұл заңды қолдаған.