Жаңалықтар

Шымкентте ЖОО ректоры қамауға алынды

facebook.com

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ, - деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.