Спорт

Данияр Елеусінов Алматыда өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді

QazSport

Ол WBC Peace белбеуін иеленді

Данияр Елеусінов Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнайды 5-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді. Бесінші раундтан соң Нойнай отандасымыздың соққыларына шыдай алмай жұдырықтасудан бас тартты.

Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды.