Ақтөбеде көпқабатты үйден 45 адам эвакуацияланды

28 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
Түтін сейілді, зардап шеккендер жоқ

Оқиға Ақтөбе қаласының Алматы ауданында болған.

Тоғыз қабатты тұрғын үйде тамақтың бақылаусыз қалуынан бірінші қабаттағы пәтерде түтін пайда болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 45 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Түтін сейілді, зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Ақтөбе