Жаңалықтар

Атырауда ер адам көпірден секіріп кетті

istockphoto.com

Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар ықшам ауданында жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткендігі жөнінде оқиға куәгерінен хабарлама түскен

Атырау қаласында жаяу жүргіншілер көпірінен суға секірген адам құтқарылды.

Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар ықшам ауданында жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткендігі жөнінде оқиға куәгерінен хабарлама түскен. 

Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп, есін жидырып алған. Құтқарылған адам кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталғаны белгілі болды.