Жаңалықтар

Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеген Қытай азаматтары анықталды

Полиция

Сот шешімімен шетелдіктер елден шығарылды

Шетелдіктер Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеген.

Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері Темір ауданындағы мұнай-газ кен орындарының бірінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерді анықтады.

Орнату жұмыстарымен айналысқан Қытай Халық Республикасының бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған.

Сот шешімімен шетелдіктер елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген компанияға 700 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.