Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

27 қыркүйек, 2024 / Өтей Торғайұлы
Сурет: www.istockphoto.com
Бағаның өзгеруі жылуға пайдаланылатын газ тарифінің көтерілуіне байланысты.

2024 жылдың 1 қазанынан бастап Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Бағаның өзгеруі жылуға пайдаланылатын газ тарифінің көтерілуіне байланысты екені атап өтілді.

Жылу құны: 

Жылу энергиясын есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін 1 шаршы метр үшін төлем 208 теңгені, ал тозығы жеткен тұрғын үй тұрғындары үшін ҚҚС есебімен 173,67 теңгені құрайды.

Ал бюджеттік ұйымдарда тариф есептегіш құралдарымен бір Гкал үшін 24 805,31 теңгені және есептегішсіз бір Гкал үшін 37 207,97 теңгені құрайды.

Тэгтер:

Қостанай жылу