Қоғам

«Бриллиант сақинамды шешіп бердім»: Кішкентай қыз Мақпал Жүнісоваға әшекей сыйлады (ВИДЕО)

Әншінің кішкентай тыңдарманы көпті сүйсіндірді.

Мақпал Жүнісованың кезекті концерттерінің бірінде ерекше оқиға болды. Залда отырған тыңдармандар арасынан кішкентай қыз сахнаға көтеріліп, өнер иесіне зергерлік бұйым сыйлаған, деп жазды turkystan.kz.

Күтпеген сыйға бөленген әнші де қарап қалмады. Ол саусағына таққан сақинасын шешіп, кішкентай тыңдарманына тарту етті.

«Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты. Риза болғаным соншалық анаң тағып жүрсін деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім. Аман болайық!», - деп жазды әнші.