Жаңалықтар

Агроөнеркәсіптік кешенге АЭС сияқты сенімді энергия қажет – фермерлер

Халықтық штаб

Атом электр станциясын салу Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін де атап өтті.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қазақстанның ірі заманауи агрофермаларының бірі «Dinara-Ranch» ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде атом энергетикасының Қазақстанның энергетикалық болашағы мен экологиялық қауіпсіздігіне тигізетін әсері жан-жақты талқыланды.

Жиында Халықтық штаб мүшесі, Мәжіліс депутаты Максим Рожин сөз сөйлеп, Қазақстанның қазіргіэнергетикалық ахуалына тоқталды. Оның айтуынша, елімізде электр энергиясы тапшылығы күннен-күнгеартуда, ал көмір электр станциялары экологияға зиянкелтіріп, климаттың өзгеруіне себеп болып отыр. 

«Қазіргі таңда әлем елдері климаттың өзгеруі мен экологияның нашарлауынан түрлі сын-қатерлерге тап болып отыр. Қазақстан да бұл проблемалардан тысқалған жоқ. Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінде елімізжан басына шаққандағы көмірқышқыл газыныңшығарындылары бойынша әлемдегі алдыңғыорындардың бірін алады. Бұл – өкінішті. Себебі әлем бойынша өкпе ауруларынан мыңдаған адам қайтыс болады. Сол себепті көміртегі қалдығын азайту үшін біз өндіріске инновациялық технологияларды кеңінен енгізуіміз қажет. АЭС құрылысы – ауаға зияндықалдықтар шығармайтын және елдегі энергия тапшылығын шешетін бірден-бір тиімді жол. Бейбітатом технологиясы бізге экологиялық таза әрі сенімдіэнергия көзін қамтамасыз етеді», – деді Максим Рожин.

Сондай-ақ ол атом электр станциясын салу Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін де атап өтті. АЭС арқылы еліміз тұрақты энергия көзіне иеболып, ауыл шаруашылығы секілді маңыздысалалардың да дамуына серпін береді.

Кездесу барысында «Dinara-Ranch» ұжымы да өзпікірлерін білдіріп, АЭС жобасын қолдайтындарынжеткізді. Ауыл шаруашылығы саласындағы ферма басшылығы тұрақты және сенімді энергияныңмаңыздылығын ерекше атап өтті. 

«Ауыл шаруашылығы – бұл тек табиғи ресурстарғағана емес, тұрақты энергияға да тәуелді сала. Біз үшінөнімдерді өндіру, сақтау және қайта өңдеу барысындаэлектр энергиясы басты рөл атқарады. АЭС салу арқылы біз тұрақты энергия көзін қамтамасыз етеміз. Бұл – ауыл шаруашылығы саласының дамуына жаңамүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті ферма басшыcы Бақыт Атайбеков.

Жиын соңында Халықтық штаб өкілдері алдағыреферендумның маңыздылығын тағы да атап өтіп, ферма қызметкерлерін ел болашағы үшін дауыс беругешақырды.