Жаңалықтар

«Мықтылар турнирінің» алғашқы жеңімпаздары анықталды

фото: olympic.kz

Әйелдер боксынан Қарағандыда өтіп жатқан "Мықтылар турнирінде" алғашқы жеңімпаздардың есімі белгілі болды.

48 келі салмақта Әйгерім Сәттібаева топ жарды. Ол финалда Ақбота Болаттан басым түсті.

50 келіде команда үздігі Алуа Балқыбекова жеңіске жетті. Ақтық сында Алуа ресейлік қарсыласын ұтты.

52 келіде Жазира Орақбаева, 54 келіде Әнел Сақыш көш бастады.

60 келіде алматылық Виктория Графееваға тең келер ешкім болған жоқ.

57 келіде Жамбыл облысының өкілі Виктория Байдукева үздік шықты.

63 келіде қарағандылық Аида Әбікеева, 66 келіде тәжірибелі Милана Сафронова жеңіске жетті.

Турнир әлі жалғасып жатыр.