Жаңалықтар

Назым Қызайбай «Қарағанды аруы» конкурсына қатысады

Ғаламтор

Бұл туралы конкурстың ұйымдастырушылары хабарлады.

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай «Қарағанды аруы» конкурсының қазылар алқасында болмақ, деп жазады turkystan.kz.

«Қарағанды аруы – 2024» конкурсының қазылар алқасының мүшесі Назым Қызайбай. Қазақстанның 13 мәрте чемпионы, 2 мәрте әлем чемпионы, Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері, Азия чемпионы, Азия чемпионатының 2 мәрте жүлдегері, көптеген халықаралық А класындағы турнирлердің чемпионы», - делінген конкурстың ресми парақшасында.

Конкурстың финалы бүгін, 27 қыркүйекте, сағат 19:00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.