Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

istockphoto.com

СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында дымқыл қар жауу мүмкін.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қазақстандық жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жасады.

«Құрметті жол пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - деп ескертті компания өкілдері.

Ведомство мәліметінше, СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында дымқыл қар жауу мүмкін.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жауын күтілуде, таулы аймақтарда қар түсуі мүмкін.