Жаңалықтар

ШҚО-да көпір опырылып түсті

телеграм-канал «Репортер»

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

ШҚО Алтай ауданындағы 48-50 км учаскесінде Октябрь өткелі – Алтайка – Жаңа Хайрузовка облыстық маңызы бар автомобиль  жолы уақытша жабылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жолдың жабылуына Таволжанка өзені арқылы өтетін көпірдің негізгі тіректерін жер асты суларының шайып, құлауы себеп болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Көпірмен жүруге шектеу қойылып, жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ уақытша айналма жол салу жұмыстары басталып кетті.