T-Newspaper

Елордада жылыту маусымы басталды

Ауа температурасының төмендеуін ескерген елорда әкімдігі 2024-2025 жылғы жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады.

Осылайша, 24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Осы аптада барлық нысандарды жылумен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  Бұған дейін әлеуметтік нысандардан түскен өтінімдер бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылытуға қосылған болатын. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары, әдетте, жаз мезгілінде басталады. Қазандықтардың техникалық жағдайы, жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Дайындық барысы коммуналдық қызметтермен бақыланып, қажетті дайындық шаралары жүзеге асырылады. Жалпы, жылыту маусымы Астана қаласында, әдетте, қазан айының ортасынан басталады. Бұл уақытта ауа температурасы төмендеп, жылу қажеттілігі артады. Жылыту маусымы сәуір айының басына дейін созылады, бірақ нақты мерзімдер ауа райына байланысты өзгеріп отырады. Ал жылу ресурстары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдары жыл сайын жылыту маусымына дайындықты алдын ала жүргізеді. 

А.БИМЕНДИЕВА