Елімізде бір тәулікте 10 үй өртенген
Зардап шеккендер жоқ.
Кеше Ұлытау, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарында бір-бір үйден, Қарағанды, Ақмола облыстарында екі үйден өртенген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт сөндірушілер барлық өртті сөндірді.
ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда!