Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалиядан басым түсті

сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстан құрамасы қарсыласын жеңді.

Қазақстандық футзалшылар Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Матчтың алғашқы голын қазақстандықтар сапынан Шыңғыс Есенаманов соқса, қарсыластардың аяқ доп шебері  Зики Те есепті теңестірді. Ал Қазақстанға жеңіс сыйлаған голды ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Арнольд Кнауб соқты.

Осылайша, Қазақстан кұрамасы 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Қос команда арасындағы кездесу Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтті.

Екі мықты құрама бұған дейін 2021-ші жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен болатын.