Атырауда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

26 қыркүйек, 2024 / Админ
Қазір дәрігерлер өмірін аман сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

Бүгін Атырауда бесінші қабаттан екі жастағы құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел жәрдемге қоңырау түскі бірлер шамасында түскен.

Куәгерлердің сөзінше бала «Модерн Сити» тұрғын үй кешенінің бесінші қабатынан құлаған.

Оқиға орнында түсірілген видео жергілікті пабликте жарияланды.

Бала жедел түрде реанимацияға жеткізілген. Жағдайы ауыр.

Тэгтер:

Атырау