Жаңалықтар

Халықтық штаб: АЭС жаңа технологияларды одан әрі жетілдірмек

Халықтық штаб

Халықтық штаб мүшелері Абай облысы Бородулиха ауданындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен, кітапхана және аудандық мәдениет үйі қызметкерлерімен, білім беру саласының мамандарымен АЭС тұрақты электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететіндігін, тұрақты энергияның қажеттілігін атап өтті.

«АЭС тарихындағы апаттар жағымсыз пікірлер алып келуі мүмкін. Алайда, бұл атом электр станцияларының дамуы мен кеңеюіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, атом электр стансаларындағы апаттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына зияны да болды. Мұндай апаттарға мысал ретінде Чернобыль АЭС апатын және Фукусимадағы апатты айта аламыз. Жаңа технологияларды әзірлеу көлемді шығындар әкелетіні рас. Алайда АЭС жаңа технологияларды одан әрі дамытып, жетілдіреді деп күтілуде. Сондықтан біз болашақ үшін дұрыс шешім қабылдай алуымыз керек» - деп айтты Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев.

Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңызы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту.

Статистика көрсеткендей, көп жылдар бойы атом электр энергиясын өндіру бойынша көшбасшы Америка Құрама Штаттары болды. Оның атом электр станциялары жалпы энергияның үштен бір бөлігін өндіреді. Бұл ретте АЭС-ке ең тәуелді Франция болып табылады. Онда елдің барлық энергиясын өндірудің жалпы үлесіндегі Атом энергиясының үлес салмағы шамамен 70%-ды құрайды.

Бүгінде атом электр станциялары әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейді. АҚШ, Франция, Қытай және Ресей ең ірі ядролық энергия өндірушілердің бірі. Олар өз елдеріндегі электр қуатының айтарлықтай үлесін қамтамасыз етеді.

Шаруа қожалық жұмысшылары, кітапхана және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері және білім беру саласының мамандары АЭС құрылысына қолдау білдіріп, референдумға белсенді түрде қатысатындықтарын айтты.