Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевтан ақша өндіріп алды

Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс шығындары ретінде 6 877 672 теңге, ал моральдық шығын ретінде 10 млн теңге өтемақы өндірілді.

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Айтбек Амангелдінің талап-арызы бойынша Қуандық Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтбек Амангелді талабында қайғылы жағдайдан кейінгі моральдық күйзеліс, денсаулықтың нашарлауы, еңбек қабілетін жоғалту себептерін көрсеткен. 

Сондай-ақ талап-арызда қылмыстық іс барысындағы заңгерлік қызметтер ақысы да шығын ретінде көрсетілген.

«Жақын адамның қазасы талапкердің моральдық жағдайына кері әсер еткен, оның мүліктік емес құқықтарын бұзған. Әділдік принциптерін ескере отырып, сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс шығындары ретінде 6 877 672 теңге, ал моральдық шығын ретінде 10 млн теңге өтемақы өндірілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.