Жаңалықтар

Астана әуежайының жұмыс кестесі қазаннан бастап өзгереді

istockphoto.com

Әуежай тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Әуежайдың баспасөз қызметі ұшу – қону жолағын жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталғанын хабарлады.

«2024 жылдың 1 мамырында басталып, 24 желтоқсанға дейін жоспарланған жұмыстар аяқталды. 5 қазаннан бастап ұшу – қону жолағының жұмысы штаттық режимге ауысады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, ақпан айында 2024 жылдың 1 мамыры мен 24 желтоқсаны аралығында әуежай түнгі уақытта жабық болатыны хабарланған. Түнгі уақыттағы жүзге жуық рейс күндізгі уақытқа ауыстырылған еді.