Жаңалықтар

Сот 50 жыл өлім жазасын күткен азаматты ақтады

Kyodo

Жапония соты 88 жастағы бұрынғы кәсіби боксшы Ивао Хакамаданы ақтады.

Ол адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесіліп, үкімнің орындалуын 50 жыл күткен. Бұл туралы Kyodo жазды.

Хакамада 1966 жылы өзі жұмыс істеген фабриканың басшысын, оның әйелі мен екі баласын өлтіргені үшін тұтқындалған. Ол кінәсін мойындаған, бірақ сотта өзін ұрып-соғып, кінәсін мойындауға мәжбүрлегенін айтқан. Хакамадаға қарсы жалғыз айғақ – қан-қан болған киім еді. Оның қорғаушылары киімнің онікі емес екенін айтқан.

Тікелей айғақ жоқтығына қарамастан, сот 1968 жылы боксшыны өлім жазасына кескен.

2011 жылы Хакамада өлім жазасына кесілгендер камерасында өлім жазасын ұзақ күткен сотталушы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

2014 жылы сотта Жакамаданың ДНҚ-сы өлім болған жерде табылған генетикалық материалмен сәйкес келмейтіні дәлелденді. Осыдан кейін ол бостандыққа шыққан. Алайда 2023 жылы Жапонияның Жоғарғы соты төменгі инстанциялардың сот тыңдалымын қайта өткізу туралы шешімін күшінде қалдырған.

Ивао Хакамада боксшы ретінде мансабын 1959 жылы бастаған. 28 жекпе-жек өткізіп, 16-сында жеңіске жетіп, 10 рет жеңілген. Екі жекпе-жегін тең аяқтаған.