Жаңалықтар

Халықтық штаб: Атом электр стансасында ауаға бөлінетін зиянды зат жоқ

Халықтық штаб мүшелері Өскемендегі «Трамвай паркі» АҚ компаниясының қызметкерлерімен кездесіп 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы мен еліміздегі энергия тапшылығы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта АЭС-тің негізгі бәсекелесі жылу электр станциясы болғандықтан, сонымен салыстыру орынды деп есептеледі. Мысалы, қуаты 1,000 МВт болатын газбен қуатталатын жылу электр станциясында жылына 13 000 тоннаға дейін және көмірмен қуатталатын жылу электр станциясында жылына 165 000 тоннаға дейін күкірт газы, азот оксиді, көміртек оксиді, көмірсутектер, альдегидтер және күл сияқты зиянды заттар бөлінеді. Атом электр стансасында ауаға бөлінетін мұндай зиянды заттар мүлдем жоқ. Сондықтанда экологиялық жағынан таза, қуаты жағынан тиімді болып отыр», - дейді спикер Энергетика саласының ардагері, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, Казақстанның еңбек сіңірген энергетигі Виктор Недовесов.