Ақтөбе облысында шопандардан 300 астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

26 қыркүйек, 2024 / Админ
ІІМ
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға өткізбек болған.

«Қарасора» операциясы барысында «Қосбармақ» қыстауында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тэгтер:

ақбөкен мүйіз