Қоғам

«10 млн теңге ұсынған»: 51 жастағы азамат кісі өлтірмек болды

Сурет: ken-zhyloi.kz

Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды.

Облыстық ПД ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түскен, деп жазды turkystan.kz.

"Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты", - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды. Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.