Жаңалықтар

Қызылордалық оқушы мектепте бұрыш баллонын шашқан

istockphoto.com

Облыстық полиция департаментінің Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап,зардап шеккен мектеп оқушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушы үзіліс кезінде бұрыш баллонын шашқан. Бұл іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Облыстық полиция департаментінің Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, зардап шеккен мектеп оқушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

«Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орындарының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қызылорда қалалық білім бөлімі бұл мақсатта шұғыл зерделеу тобы құрылып, жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Қорытындысы алдағы уақытта хабарланатын болады.