Жаңалықтар

Жедел жәрдем енді тәулік бойы жұмыс істемейді

istockphoto.com

Енді жедел жәрдем қызметі пациенттердің бәріне тәулік бойы қызмет етпейтін болады.

Жаңа ереже шұғыл шақыртулар келесідей 4 санатқа бөлінеді:

1-санаттағы шұғыл шақырту: пациенттің өміріне қауіп төніп тұр, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет;

2-санаттағы шұғыл шақырту: медициналық көмек көрсетілмесе пациент өміріне қауіп төнеді;

3-санаттағы шұғыл шақырту: медициналық көмек көрсетілмесе пациент денсаулығына қауіп төнеді

4-санаттағы шұғыл шақырту: созылмалы аурулардың асқынуы, өзін жайсыз сезіну, ағза органдарының жұмысының бұзылуы, пациент өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ.

Жаңа ереже бойынша жедел жәрдем 4-санаттағы шақыртуларға тәулік бойы бармайды. Тек жұмыс күндері 08:00 – 18:00 аралығында, сенбі күні 08:00 – 12:00 аралығында барады. Жексенбі – демалыс.

Бұл өзгертулер қаржыландырудың тапшылығынан енгізіліп отыр.

Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрығының  жобасы 8 қазанға дейін талқыланады.