Жаһан

Балаларды асырап алып, шетелге сатқан қылмыскерлер ұсталды

Қырғыз Республикасы ҰҚКҚ

20 қыркүйекте оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, ҰҚМК уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қырғыз елінде кәмелетке толмаған балаларды заңсыз асырап алып, кейін сату мақсатында елден тыс жерлерге тасымалдаған трансұлттық қылмыстық ұйым қызметінің жолы кесілді.

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, бұл қылмыстық топтың құрамында 2022 жылдан бері айла-шарғы жасау, пара алу және Қырғыз Республикасының заңнамасын бұзу жолымен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан қырғыз балаларына қамқорлық алуға толық құқық алған шетелдіктер мен Қырғыз азаматтары болды.

Аталғанг фактігіе қатысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабы («Адам саудасы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 қыркүйекте оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, ҰҚМК уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет қылмыстық ұйымның басқа мүшелері мен олардың сыбайластарын, сондай-ақ барлық жәбірленушілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру және жедел іс-шараларды жалғастыруда.