Қоғам

Алматыда студент өз-өзіне қол жұмсады

istockphoto.com

Almaty Management University баспасөз қызметі студенттің өлімі туралы ақпаратты растады.

Almaty Management University баспасөз қызметі студенттің өлімі туралы ақпаратты растады. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

«Университет құқық қорғау органдарына оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты көмек көрсетеді. Almaty Management University әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оның отбасына қажет қолдау көрсетеді», – деп жазды университеттің баспасөз қызметі.

Университет расталмаған ақпаратты таратпауды сұрады.

Алматы полиция департаменті де студенттің өлімі туралы ақпаратты растады.

«Осы факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламада.